Бейжіңде «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен Цинхуа университеті арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Меморандумның негізгі мақсаты қаржы орталығы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін бірлескен білім алу жəне зерттеу жобаларын жүзеге асыру. «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, АХҚО-ның əлемдік талаптарға сай қаржы орталығына айналуы үшін халықаралық деңгейдегі мамандарды дайындау аса маңызды. Айта кету керек, Цинхуа университеті – Қытайдағы 1911 жылы құрылған ең негізгі университеттің бірі. Осы елдегі ең негізгі 9 элиталық оқу орындарының қатарына енеді. Үнемі ұлттық рейтингтің алғашқы орындарына ие болады. «Егемен-ақпарат»